1c1432a7-ef74-4eb5-a0e1-83c52cf7e808-original.jpeg
1.jpg
partners.jpg
f88148f5-6f9a-4103-a70e-1e36bc7f3c4f-original.jpeg
27f07ea1-8066-4931-b36a-38d1b2cff77f-original.jpeg
wind-energy-free-desktop-wallpaper_1920x1200_81831.jpg
1c1432a7-ef74-4eb5-a0e1-83c52cf7e808-original.jpeg

Компания туралы


SCROLL DOWN

Компания туралы


«ЦАТЭК Green Energy» ЖШС (Компания) 2014 жылы 23 шілдеде жаңартылатын энергия көздері саласында (ЖЭК) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған. 
Қазіргі уақытта компанияның операциялық қызметі Ақмола және Маңғыстау облыстарында белгіленген қуаты сәйкесінше 100 және 50 МВт жел электр станцияларының құрылысы жобасын жүзеге асыруға дайындауға негізделген. 

Компанияның салыстырмалы аз уақыт мерзімде жұмыс жасап келе жатқанына қарамастан, Компанияға жобаларды табысты жүзеге асыруға, алдағы уақытта өзара тиімді серіктестікті дамытуға және ЖЭК саласында жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін бірқатар мықты тұстары бар. 
Компанияның негізгі ресурстары және мүмкіндіктері (табыстылық факторлары):

  • Біліктілігі жоғары басқарушы персонал және жұмыскерлер;
  • ЖЭК саласындағы жобаларды жүзеге асырудың сәтті халықаралық және жергілікті тәжірибе;
  • Тәжірибелік жинақталған ЖЭК дамыту мен қолдау ережелерін, нормативті-құқықтық актілер мен заңдар бойынша білім.

Компания мамандары Қазақстанда алғашқы күн және жел электрстанцияларын әзірлеу мен салуға қатысқан, олардың қатарында келесі нысандар бар:

  • Қапшағай қаласындағы 2 МВт күн электр  станциясы;
  • Ерейментау 45 МВт және 50 МВт жел электр станциялары;
  • Шелек 60 МВт жел электр станциясы.

Компания кәсіби негізде келесі қызметтерді көрсетеді::

  • ЖЭК жобаларын жалпы ақпараттық қолдау;
  • жел және күн электр станцияларына арналған құрылғыларды, оларды өндірушілерді оңтайлы таңдау бойынша шешім қабылдау үшін қосалқы материалдар мен ақпаратты ұсыну;
  • ЖЭК саласындағы жобаларды жүзеге асыру шеңберінде мердігерлік келісім-шарттарды дайындау, құрылымдау және талқылау, құрылғыларды жеткізу және қызметтерді көрсету.
1.jpg

Біздің жобалар


Біздің жобалар


Қазақстанда энергияны жоғары тұтыну және жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) қарқынды дамытудың жаһандық үдерістеріне қосылу жағдайында жел энергетикасы саласы аса өзекті орында. Бұл жағдайда бірқатар артықшылықтардың, оның ішінде, аталған энергия өндіру түрінің бәсекеге қабілеттілігінің және Қазақстанның географиялық орналасуы мен орасан мол жел ресурстарын игеру тұрғысынан зор әлеуметінің маңызы бар.

Компания жобаларының стратегиялық мақсаты Қазақстан Республикасының энергетика секторының дамуына оны жаңарту және сарқылатын ресурстарды үнемдеу әдістерімен әлем мойындаған озық шешімдерді енгізу, экологиялық таза энергия өндірісін енгізу және мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту болып табылады.

Қуаты 100 МВт жел энергиясын түрлендіруге арналған жел электр станциясы Астана қаласының орталығынан солтүстік-шығыс бағытта 40 шақырым қашықтықта орналасатын болады.

Жобада жиынтық қуаты 100 МВт болатын 30 жел генераторын әр кезеңде 15 жел генераторынан екі кезеңде іске қосу арқылы орналастыру қарастырылады. Жоба жел паркіне қызмет көрсетуге және ірі ауқымды қосалқы бөлшектерді сақтауға арналған қосалқы алаңдарды және толық әкімшілік кешен салуды қарастырады.

Электр энергиясын өндірудің болжалды жиынтық көлемі жылына 306 млн. кВт*с құрайды.

Жобаны жүзеге асырудың аймақ үшін жалпы маңызы зор, себебі ол бір жағынан, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік беретін болса, екінші жағынан – балама энергетика секторының дамуына әсер етеді, бұл энергетика саласындағы қолданыстағы мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылады.

 

partners.jpg

Біздің серіктестер


Біздің серіктестер


«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» Инжиниринг компаниясы»

Қазақстан Республикасындағы жетекші инжиниринг компаниясы.  1974 жылы құрылған. 40 жылдан астам жұмыс уақыты ішінде  КГНТ 1000 астам нысанды жобалаған және енгізуді қамтамасыз еткен..

«Эрнст энд Янг Қазақстан»

Ernst & Young — британдық аудиторлық-консалтинг компаниясы, дүние жүзіндегі ірі компаниялардың бірі (аудиторлық компаниялардың «үлкен төрттігі» қатарына енеді).


Beaufort 8 GmbH

Beaufort 8 негізін қалаушылардың жел энергетикасы саласында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар және олар өз қызметтерін Шығыс Еуропа және ТМД нарықтарында 2007 жылдан бастап жүзеге асырады. Компания жел энергетикасы саласында коммерциялық және техникалық консалтинг қызметтерін ұсынады.

"Альфа Центр"

Компания жел энергия станциясы құрылысы алдында деректер жинау, сонымен қатар, әр түрлі мақсаттағы мачталарды жеткізу, орнату және сервистік қызмет көрсету қызметтерін ұсынады (байланыс, жарықтандыру т.б.).


Ge:NET

Ge:NET энергетика саласында жел ағындарын өлшеуге арналған мачталарды өндіреді, оның ішінде, өлшеу, монтаждау және техникалық қызмет көрсету жүйелерін енгізеді..

 

GeoNET Umweltconsulting GmbH

20 жыл уақыт бойы компания жел энергиясы және қоршаған ортаны қорғау саласында қолдау көрсетіп келеді. Компания құрамында география, метеорология, жаңартылатын энергия көздері, ландшафтық экология технологиясы секілді салаларда мамандар жұмыс жасайды. DIN EN ISO/IEC 17025: 2005 (DAkkS, ILAC) аккредитациясына сәйкес ЖЭК құрылысы жобаларын сараптау.


HCE Design Group

2001 жылы құрылған Германиялық инжинирингтік компания. Компанияның негізгі қызметі:

  • сәулет және жобаларды әзірлеу;
  • энергетика саласындағы инженерлік қызметтер, бірінші кезекте, жаңартылатын энергия көздері;
  • жел энергиясы және іргетас салу саласындағы зерттеулер және әзірлемелер;
  • құрылысты техникалық қадағалау.

 

"Энергия жүйелерін зерттеу"

Компания 2011 жылы Алматы қаласында құрылған және кәсіпорындар, қалалар мен мен аймақтардың ҚР ЕЭҚ электрлік желілерінің жүйе қалыптастыратын және көздерін генерациялайтын перспективті оңтайлы шешімдерін іздеу бойынша зерттеулермен шұғылданады..


«GL Consulting»

Әр түрлі деңгейдегі және қызмет саласындағы компанияларға қаржылық және маркетингтік көмек көрсету қызметтерін ұсынады..

 

"Қазақстан мұнай және газ институты" АҚ

Құрылған уақытынан бері өткен 12 жыл ішінде Институт 850 астам жобаны орындаған және Қазақстанның мұнай-газ саласына арналған сервистік және инжиниринг қызметтері саласындағы көшбасшы орынды иеленген. Бүгінгі таңда «ҚМГИ» ҚР мұнай – газ және электр энергетикасы саласындағы жобалау және жоғары сапалы инжиниринг қызметтері қажет болатын барлық ірі жобаларына қатыстырылады.


 

Fichtner Group

1922 жылы құрылған неміс компаниясы, инженерлік және консалтинг қызметтерін көрсетеді.

CTE Wind civil engineering

Жел турбиналары іргетастарын талдау, сараптау және жобалауға маманданған халықаралық компаниялар тобы.


WindProspect

Жел электр станцияларын салу, метеорологиялық деректерді растау және жел паркін пайдалануға беруге арналған  қызметтерді ұсынатын 1997 жылы құрылған халықаралық аккредиттелген компания.

 

«Energy Ecology Engineering»

Жаңартылатын энергия көздері саласында, оның ішінде, әр түрлі бағыттағы мачталар жеткізу, орнату және сервистік қызмет көрсету бойынша консалтинг және инжиниринг қызметтерін көрсетуге маманданған компания.



EurAsiaTransit

Жаңартылатын энергия көздері саласында, оның ішінде, әр түрлі бағыттағы мачталар жеткізу, орнату және сервистік қызмет көрсету бойынша консалтинг және инжиниринг қызметтерін көрсетуге маманданған компания.

logo1.jpg

«Қазақстанның даму банкі» АҚ

- ҚР Үкіметі мен жеке секторға арналған ірі инфрақұрылымдық және индустриалдық жобаларды бағалау және құрылымдау бойынша еліміздегі көшбасшы оператор;
- өнеркәсіп және инфрақұрылым саласындағы жобаларды уақытылы және жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ететін мамандандырылған мемлекеттік даму институты;
- ұлттық валютамен озық қаржыландыруды ұсыну бойынша қаржы институты;
- халықаралық нарықтарда танылған беделі бар активтер мөлшері бойынша Қазақстандағы ең ірі қаржы институттарының бірі;
- корпоративтік клиенттерге арналған ұзақ мерзімді және арзан қарыз бен инвестиция тарту бойынша басты агент
.

f88148f5-6f9a-4103-a70e-1e36bc7f3c4f-original.jpeg

ЖЭК саласындағы НҚА


ЖЭК саласындағы НҚА


«Электр энергетикасы туралы».
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 Заңы


«Электр немесе жылу желілеріне қосылатын ең жақын нүктені айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу қағидаларын бекіту туралы».

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 117 бұйрығы


«Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы».

Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығы


«Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы».

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығы.


«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы».

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығы.


«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және олармен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуы, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шарттарының үлгі нысандарын бекiту туралы».

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 163 бұйрығы.


«Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 148 қаулысы.


«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы».

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV Заңы.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 506-V Қазақстан Республикасының Заңы.

27f07ea1-8066-4931-b36a-38d1b2cff77f-original.jpeg

Баспасөз парақтары


Баспасөз парақтары


Қуаты 100 МВт жел энергиясын түрлендіруге арналған «Астана EXPO-2017» жел электр станциясының құрылысы  жұмыс жобасына ҚОӘБ жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізу хаттамасы.


wind-energy-free-desktop-wallpaper_1920x1200_81831.jpg

Байланыс деректемелері


Байланыс деректемелері


 

Біздің кеңсе

010000,  Астана қ.
Тұран д., 21/2 ү., №5 кеңсе,
тел: +7 717 240 20 02
email: info@cge.kz